30 қыркүйек 2022 12:03

Тоқаев геосаяси шиеленіс туралы: Ең жоғары шегіне жетті

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©РИА Новости Фото: ©РИА Новости

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысына жұмыс сапары барысында Қазақстанның қазіргі халықаралық жағдайға қатысты ұстанымын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысына жұмыс сапары барысында Қазақстанның қазіргі халықаралық жағдайға қатысты ұстанымын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Еуразия құрлығының дәл ортасында бола отырып, мен қазіргі халықаралық жағдайға қатысты өз ұстанымымызды тағы бір рет атап өткім келеді. Бүгінде әлем бұрын-соңды болмаған геосаяси шиеленісті бастан өткеріп жатыр, шиеленіс ең жоғары шегіне жетті. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі саясаткерлер мен сарапшылар ядролық қаруды қолданудың қауіп-қатерін талқылап жатыр", - деді Мемлекет басшысы өз сөзінде.

Қазіргі заманғы әлемдік тәртіп күшті дағдарысты бастан кешіп жатыр, деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

"Одан шығу адамзат болашағы үшін ортақ жауапкершілікті сезіну, халықаралық құқықтың қалыптасқан қағидаларын сақтау, мемлекеттердің өзара мүдделерін құрметтеу негізінде ғана мүмкін болады", - деді ол.

Президент бүгінде геосаяси шиеленіс пен санкциялық текетірес мәдениет саласында да көрініс тауып жатқанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети