Тоқаев Грекия премьер-министрімен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Грекия премьер-министрімен кездесті Фото. Ақорда

Мемлекет басшысы Грекия премьер-министрі Кириакос Мицотакиспен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Грекия премьер-министрі Кириакос Мицотакиспен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына қосылушы тараптардың 29-шы конференциясы (СOP29) аясында Грекия премьер-министрі Кириакос Мицотакиспен кездесу өткізді.

Мемлекет басшысы Грекияны Қазақстанның Жерорта теңізі аймағы және Еуропа Одағындағы сенімді серіктесі ретінде атап өтіп, Афины еліміздің Еуропа Одағына мүше мемлекеттер арасындағы бес ірі сауда әріптесінің бірі екеніне назар аударды.

Кириакос Мицотакис қазақ-грек ынтымақтастығының әлеуетін жоғары бағалап, барлық бағыттағы өзара байланыстарды тереңдетуге дайындығын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Кириакос Мицотакис сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынасты нығайтуға бейіл екенін растап, өзара сауда-саттықты әртараптандырудың маңыздылығына тоқталды.

Кездесуде белсенді саяси диалог жүргізу жөнінде уағдаластық жасалды. Грекия Үкіметінің басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанға сапармен келу туралы ұсынысын ризашылықпен қабыл алды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети