Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов екі елдің стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.

Президент бауырлас халықтың Ұлт көшбасшысын Түрікменстанның бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы жариялаған Халықаралық бейбітшілік және сенім жылының басталуымен құттықтады.

Мемлекет басшысы қазіргідей жаһандық сын-қатерлер кезеңінде Ашхабадтың бейбітшілік пен бітімгерлікке үндеген бастамасының ерекше маңызын атап өтіп, оны табысты жүзеге асыру үшін Қазақстанның жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.

Гурбангулы Бердімұхамедов Халықаралық бейбітшілік және сенім жылының аясында өңірлік және халықаралық деңгейдегі ынтымақтастық пен дамуды қамтамасыз етуге бағытталған Түрікменстан тұжырымдамасының негізгі басымдықтары жөнінде мәлімет берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов қазақ-түрікмен қатынастарының деңгейі жоғары екеніне назар аударып, энергетика, көлік-транзит, мәдени-гуманитарлық салалардағы бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысын егжей-тегжейлі қарастырды.

Әңгімелесу барысында өңірлік ықпалдастық мәселелеріне және алдағы уақытқа жоспарланған бесжақты форматтағы іс-шараларға айрықша мән берілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 495.1  course down  589.08  course up  6.48  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети