Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовтің шешімін қолдады

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовтің шешімін қолдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекеттер басшылары екіжақты қарым-қатынасты одан ары нығайту бағыттарын, оның ішінде Қазақстан Президентінің былтыр қазанда Ашхабадқа жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын талқылады.

Президенттер өзара сауда-саттық көлемінің артқанына, энергетика, көлік, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықтың жанданғанына көңілі толатынын айтты. Әңгімелесу барысында қос мемлекет басшысы бауырлас екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан ары кеңейтуге ниетті екендерін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан президентіне шынайы құрметін білдіріп, Гурбангулы Бердімұхамедовтің кезектен тыс президент сайлауын өткізу жөніндегі шешімін қолдайтынын мәлімдеді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Түрікменстан басшысының саяси әрі өмірлік мол тәжірибесі осы мемлекеттің өркендеуіне септігін тигізері сөзсіз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети