Тоқаев халық жағдайын жақсартуды тапсырды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Тоқаев халықтың табысын арттыруды қамтамасыз ететін жоба жасауды тапсырды. Елдегі кедейлікті төмендету үшін нақты шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Тоқаев халықтың табысын арттыруды қамтамасыз ететін жоба жасауды тапсырды. Елдегі кедейлікті төмендету үшін нақты шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Шаралар кешені қабылданып, халықтың табысын арттыратын бағдарлама жасалуы керек. Жұмыс нақты әрі мақсатты болуы тиіс. Әрбір басқару деңгейінде кедейлікті  азайтудың нақты көрсеткіштері белгіленуі керек. Жұмысқа мұқтаж жандардың нақты санын анықтау қажет", - деді ол Мәжіліс отырысында.

Президент Үкіметке "Атамекен" кәсіпкерлігімен бірлесіп екі ай ішінде халық табысын арттыратын бағдарлама құруды тапсырды.

"Мемлекет Әлеуметтік кодекстің қабылдануын қамтамасыз ету керек. Бұл құжат әлеуметтік саясат бағытында жаңа жағдайларға, пандемияны негізге ала отырып жасалуы қажет. Әлеуметтік кодекс жаңа әлеуметтік келісімшарттың негізгі элементі болуы тиіс", - деді Мемлекет басшысы.

Тоқаевтың айтуынша, жастар арасындағы жұмыссыздықты азайтуға баса назар аудару керек.

"Жоғары оқу орындарының, колледждердің түлектері мен білімі жоқ жастардың тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігі әрқашан бола бермейді. Жастар қарапайым жұмыс жасау арқылы өмір сүреді. Кейбіреулер табыс таппағандықтан түрлі заң бұзушылықтарға баруы мүмкін.

Үкіметке "Жастар тәжірибесі", "Алғашқы жұмыс орны" жобалары бойынша қатысу ұзақтығы мен сыйақы мөлшерін арттыруды тапсырамын. Жастар мен халықтың осал топтарының бизнес-бастамаларын жүзеге асыру үшін жағдай жасау маңызды. Үкіметке тиісті грантты екі есеге арттыру мүмкіндігін пысықтау тапсырылды. 400 АЕК-ке дейін", – деді Тоқаев. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro