Тоқаев “Халық қаһарманы“ Әбдіғали Қаймолдиннің отбасына көңіл айтты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев “Халық қаһарманы“ Әбдіғали Қаймолдиннің отбасына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Ұлы Отан соғысының ардагері Әбдіғали Қаймолдиннің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Ұлы Отан соғысының ардагері Әбдіғали Қаймолдиннің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Отан соғысының ардагері, "Халық қаһарманы" Әбдіғали Қаймолдиннің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.

"Әбдіғали Қаймолдин жастай майдан даласына аттанып, ерен ерлігімен жеңісті жақындатуға зор үлес қосқан батыр тұлға болды. Бейбіт кезеңде мемлекеттік және қоғамдық істерге белсене араласып, ел игілігі жолында ұзақ жыл қызмет етті. Ғасыр жасап, соңына өнегелі жол қалдырған Әбдіғали Қаймолдиннің жарқын бейнесі мен есімі ұмытылмайды. Иманы саламат, жаны жаннатта болсын", – деп жазылған жеделхатта.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети