Тоқаев Халықаралық стандарттау ұйымының бас хатшысын қабылдады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Халықаралық стандарттау ұйымының бас хатшысын қабылдады Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Халықаралық стандарттау ұйымының (ISO) Бас хатшысы Серхио Мухиканы қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Халықаралық стандарттау ұйымының (ISO) Бас хатшысы Серхио Мухиканы қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев мейманға ілтипат білдіріп, Халықаралық стандарттау ұйымы жаһандық сауда, инновация мен орнықты дамудың негізін қалыптастыратын беделді институт екеніне тоқталды.

Президент Қазақстанның ISO-мен бірге цифрлық трансформация, орнықты даму және цифрландыру секілді салаларда бірлескен жобаларды іске асыруға әлеуеті мол екенін жеткізді.

Бас хатшы Серхио Мухика ұлттық стандарттау жүйесі мен цифрлық технологияны дамыту бағытындағы Қазақстанның күш-жігерін жоғары бағалап, еліміздің ұйым қызметіне белсенді қатысатынын және халықаралық стандарттарды енгізуге әзір екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Серхио Мухика табысты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және бірлескен жұмыстардың жаңа бағыттарын дамытуға өзара ниет танытты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети