Қасым-Жомарт Тоқаев партиялар мен саяси бірлестіктердің халықтық коалициясынан президенттікке кандидат ретінде ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаев партиялар мен саяси бірлестіктердің халықтық коалициясынан президенттікке кандидат ретінде ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының стратегиялық бағытын қолдаймыз және оның реформаларын одан әрі ілгерілетуге күш саламыз. Сондықтан бүгін халық коалициясы президент лауазымына Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынады. Бұл таңдау – еліміздің нағыз патриоттарының, Қазақстанның болашағына бейжай қарамайтын миллиондаған азаматтардың таңдауы. Ең бастысы, сайлау қарсаңында жетекші саяси күштер елдің еңсесін көтеретін ортақ мақсатты қолға алады", - деді Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Астанада өткен форумда.
Еске салайық, бұған дейін Тоқаевтың кандидатурасын президенттікке Amanat, ҚХП және "Ақ жол" партиялары ұсынды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!