15 наурыз 2021 12:08

Тоқаев Иманбекті Grammy-дегі жеңісімен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иманбек Зейкеновті (Imanbek) Grammy-де "үздік ремикс" үшін марапатталуымен құттықтады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иманбек Зейкеновті (Imanbek) Grammy-де "үздік ремикс" үшін марапатталуымен құттықтады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық Иманбек Зейкеновке аса беделді Grammy музыкалық сыйлығының табыс етілуі жөніндегі жаңалықты зор қуанышпен қабылдады.

Өзінің таланты мен мақсат қоя білуінің арқасында диджей Imanbek әлемдік шоу-бизнестің басты сыйлықтарының бірін иеленді. Оның шығармашылығы қазақстандық жастардың да ең биік шыңдарды бағындыра алатынын дәлелдеді.

Президенттің атынан Иманбекті осы жарқын жеңісімен құттықтаймын және жаңа шығармашылық табыстар тілеймін!", - делінген құттықтауда. 

Еске салайық, "Грэмми" басты музыкалық жүлдесінің 63-шарасы онлайн өтті. "Грэммиге" ұсынылған алғашқы қазақстандық атанған Иманбек жеңімпаз болды.

Айта кетейік, оның нұсқасында Roses трегі хитке айналды және 20 аптадан аса уақыт қатарынан Billboard Hot 100 үздік ондығында тұрды. Ремикс Apple Music-те топ-10-ға кірді, Shazam музыкалық қосымшасында 22 миллионнан астам қаралды, ұзақ уақыт бойы "Яндекс. Музыка" чартында бірінші орынға ие болды. 

Трек бірнеше чартта, соның ішінде АҚШ пен Ұлыбританияда көш бастап, The Weeknd, Dua Lipa, Billie Eillish, Roddy Ricch және Justin Bieber сияқты әртістерден озық болды.

Танымал атанғанға дейін Иманбек Павлодар облысында (Ақсу қаласы) теміржолшы болған. Музыканы өзі үйренген. Айтуынша, теміржолдан кетіп, музыкамен айналысқанына көп болған. Өзі Ақсуда тұрып жатыр.

Ал Roses SAINt JHN’s түпнұсқасының орындаушысы 2016 жылы шыққан трек танымал бола кеткеніне таңғалмағанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети