28 қазан 2022 17:33

Тоқаев Иран президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:twitter.com/IranFrontPage Фото:twitter.com/IranFrontPage

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Ислам Республикасының президенті Ибрахим Раисиге көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Ислам Республикасының президенті Ибрахим Раисиге көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Жеделхатта Қазақстан Президенті Иранның Шираз қаласындағы Шахчерағ ғибадатханасында болған лаңкестік әрекеттің салдарынан көптеген азаматтың қаза тапқаны және жарақат алғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алғанын жеткізді.

"Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан Сізге, жақындарынан айырылғандарға, сондай-ақ бүкіл Иран халқына көңіл айтамын", – деп жазылған Мемлекет басшысының көңіл айту хатында.

Қасым-Жомарт Тоқаев бақилық болғандардың жаны жәннатта болуына, зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети