Тоқаев Израиль президентімен телефон арқылы сөйлесті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Израиль президентімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Израиль тарапының бастамасымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті.

Ицхак Герцог Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан халқын алдағы Наурыз мейрамымен және қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады. Өз кезегінде Мемлекет басшысы Израиль Президентіне құттықтағаны үшін алғыс айтып, Песах мейрамы қарсаңында Израиль халқына амандық пен бақ-береке тіледі.

Сонымен қатар президенттер Қазақстан мен Израильдің сауда-экономика саласындағы ынтымақтастығын нығайту перспективаларын талқылады. Әңгімелесу барысында екіжақты тауар айналымының көлемі арта бастағаны атап өтілді. Сондай-ақ екі ел арасында мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту маңыздылығы айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети