Тоқаев жалған вакцинация паспорты бойынша арнайы топ құруды тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев жалған вакцинация паспорты бойынша арнайы топ құруды тапсырды Фото: Тұрар Қазанғапов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жалған вакцинация паспорты бойынша арнайы топ құруды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жалған вакцинация паспорты бойынша арнайы топ құруды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Иммундау процесін тежейтін тағы бір өзекті мәселе - жалған вакцинация паспорты. Бұл жағымсыз құбылыстың таралуына кез келген әрекетті тез арада тоқтату маңызды. Жұмыс басталды, оны жалғастыру керек.

ІІМ жанынан жұмысты үйлестіретін, қоғамшылдар мен халықтан ақпарат алатын және өңдейтін ведомствоаралық арнайы топ құруды тапсырамын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ, ол вакцинация төлқұжаттарын қолдан жасауға жол берген адамдарға қатаң жаза қолдануды тапсырды.

"Мен бұл мәселені кеңейтілген отырыста көтердім. Бұл елдің ұлттық қауіпсіздігі туралы", - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазір еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңес өткізіп жатыр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети