Тоқаев Жамбыл облысына барды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Тоқаев Жамбыл облысына барды Фото: Берік Уәли

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сапар барысында Қазақстан Президенті иммунобиологиялық препараттардың биофармацевтикалық зауытына барып, коронавирусқа қарсы QazVac вакцинасын дайындау процесімен танысады.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы әлеуметтік нысандарды аралап, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың өңірдегі әлеуметтік-экономикалық ахуал туралы баяндамасын тыңдайды.

Жарнама
Жарнама

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына барған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама