Тоқаев Жамбыл облысындағы фармацевтикалық кәсіпорындардың қызметімен танысты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Жамбыл облысындағы фармацевтикалық кәсіпорындардың қызметімен танысты Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Жамбыл облысындағы фармацевтикалық кәсіпорындардың қызметімен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Жамбыл облысындағы фармацевтикалық кәсіпорындардың қызметімен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жамбыл облысына жұмыс сапары "Әмір және Д" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметімен танысудан басталды.

Кәсіпорын медициналық бұйымдар мен дәрілік заттар өндіреді.

Президентке медициналық препараттар мен дайын өнім түрлерін шығаратын негізгі цехтың жұмысы көрсетілді.

"Әмір және Д" ЖШС-і әлеуметтік маңызы бар ауруларды диагностикалауға арналған жедел тестілердің көптеген түрін шығарады. Бұл өнімдер В және С гепатитін, ВИЧ-инфекциясын, миокард талмасын, сондай-ақ есірткі және психотропты заттарды анықтай алады.

Кәсіпорынға тиесілі медициналық бұйымдардың 200-ден аса атаулы түрі бар. Бүгінде серіктестікте 94 қызметкер еңбек етеді.

Мемлекет басшысына "Super-pharm" фармацевтикалық компаниясының жұмысы туралы ақпарат берілді.

Бұл – елімізде медициналық бұйымдар өндіретін жетекші кәсіпорындардың бірі. Зауытта 600-ден аса еңбеккер жұмыс істейді. Компания отандық нарықтағы бір реттік қолдануға арналған медициналық бұйымдарға сұраныстың 30 пайызын қамтамасыз етеді.

Атап айтқанда, кәсіпорын түрлі операциялар үшін хирургиялық және процедуралық жиынтықтарды, медициналық бетперденің барлық түрін, бірреттік қорғаныш киімін, санитарлық-гигиеналық мақсаттағы бұйымдарды өндіреді. Сонымен қатар медициналық шприцтер, инфузионды және қанды қайта құюға арналған система құралдары, басқа да өнімдер дайындалады.

Президент отандық фармацевтика индустриясының дамуы импортқа тәуелділікті төмендетіп, ұлттық денсаулық сақтау жүйесін нығайтуда маңызды екенін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 512.04  course up  604.8  course up  6.56  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети