27 тамыз 2021 | 15:16

Тоқаев Жамбыл облысындағы жарылыстарға байланысты шұғыл жиын өткізді

Камила Долаева Журналист

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысында болған жарылыстарға байланысты шұғыл жиналыс өткізді. Бұл туралы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысында болған жарылыстарға байланысты шұғыл жиналыс өткізді. Бұл туралы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Мемлекет басшысы Жамбыл облысында болған жарылыстарға байланысты шұғыл жиналыс өткізіп, ведомствоаралық мемлекеттік комиссия құруды тапсырды.

Оған премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр басшылық жасайды. Қаза болған азаматтардың отбасын әлеуметтік қорғау және зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету үшін барлық қажетті шаралар қабылданады", - деп жазды Берік Уәли Facebook-те.

Президент Роман Склярға жиын аяқталған соң Жамбыл облысына шұғыл баруды және барлық шараны оқиға орнынан ұйымдастыруды тапсырды. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза болғандар саны 9-ға жетті

Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде кеше, 26 тамызда сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің маңында өрт шықты. Кейін бірнеше жарылыс болды. Жақын маңдағы тұрғындар эвакуацияланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная