08 ақпан 2020 | 11:24

Тоқаев Жамбыл облысындағы оқиға туралы: Қаза болғандар мен зардап шеккендер бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысындағы оқиғаларға байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысындағы оқиғаларға байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бүгін түнде Жамбыл облысы Қордай ауданында жергілікті тұрғындар арасында жаппай төбелес, жанжал болды. Бұл ахуалды арандатушылар өз мақсатына пайдаланды. Өкінішке қарай, бұл оқиға кезінде адам шығыны болды. Мен қаза болған азаматтардың отбасыларына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін", - делінген хабарламада. 

Қазір полиция мен Ұлттық ұлан бұл жағдайды бақылауға алды.

"Осыған орай, мен Үкімет комиссиясын құруды тапсырдым. Оған премьер-министрдің орынбасары Бердібек Машбекұлы Сапарбаев төрағалық етеді. Үкімет комиссиясы болған оқиғаның себебін анықтайды. Жамбыл облысы әкімімен бірлесіп, қаза болғандарды жерлеу, зардап шеккендерге көмектесу жұмыстарын ұйымдастырады. Сондай-ақ, жағдайды тұрақтандырумен айналысады", - деді Президент.

Тоқаев қоғамдық тәртіпті бұзғандар анықталып, қатаң жауапқа тартылатынын айтты.

"Бас прокуратураға, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне тиісті тапсырма бердім. Мемлекетіміздің мүддесіне зиян келтіретін, береке-бірлігімізді бұзатын және жалған ақпарат таратқан азаматтар заң алдында жауап береді", - делінген хабарламада.

Оның айтуынша, бейбітшілік пен қоғамдық келісім – мемлекетіміздің берік негізі.

"Халқымыз қиын-қыстау замандарда өзінің біртұтастығын сақтап қалған. Сондықтан, біз кейбір азаматтарға, соның ішінде арандатушыларға еліміздің басты құндылығын – ынтымақ-бірлігімізді бұзуға жол бермейміз. Бұл еліміздегі барша азаматтарға ортақ тілек деп санаймын", - деді Мемлекет басшысы.

Ол азаматтарды жалған қауесеттерге бой алдырмауға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысында құқық қорғау органдарына көмек беруге шақырды. Сондай-ақ, мемлекеттік органдар туындаған мәселелерді шешу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтынын айтты.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети