04 қараша 2021 | 13:06

Тоқаев жаңа ипотека бағдарламасын ашуды тапсырды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев даму әлеуеті төмен моноқалалардан қоныс аударушылар үшін жеңілдетілген ипотека бағдарламасын ашуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев даму әлеуеті төмен моноқалалардан қоныс аударушылар үшін жеңілдетілген ипотека бағдарламасын ашуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкіметке өңірлерді дамытудың жалпыұлттық жобасы аясында моноқалаларды даму әлеуеті төмен өңірлер қатарынан шығару тапсырылды.

"Бұл азаматтарды мамандарға мұқтаж, болашағы зор, дамып келе жатқан қалаларға ерікті түрде қоныс аударуға ынталандырады. Өнеркәсіптік моноқала тұрғындарының инженерлік кәсіптерде біліктілігі мен тәжірибесі бар екенін жақсы білеміз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұздағы кеңесте.

Тоқаев Мемлекеттік тұрғын үй саясаты аясында жеке бөлім даму әлеуеті төмен моноқалалардан қоныс аударушыларға арналуы тиіс екенін айтты.

"Отбасы банк" жүйесінде мұндай тұрғындар үшін бастапқы жарнасы 10 пайыз және сыйақы ставкасы 2-ден 5 пайызға дейінгі жеңілдіктегі ипотека бағдарламасын көздеу керек. Үкімет әкімдіктермен бірлесіп, бұл бастаманы жан-жақты пысықтағаны жөн", - деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, моноқалалардың экономикасын әртараптандыруда және шағын және орта бизнесті дамытуда жаңа өндіріс орындарын құру жобалары маңызды рөл атқарады. Үкімет 20 мың жұмыс орнын құрумен құны 2 триллион теңгеге 79 жобаны іске асырып жатыр.

"Алайда, үш моноқалада жаңа өндіріс орындарын құру жобалары тоқтатылды, Ақсай қаласында бұл жобалар толық жүктелмеген. Жаңадан жоспарланған 19 жобаның 14-і немесе 75 пайызға жуығы Павлодар және Қарағанды облыстарына тиесілі.

Жаңатаста байыту фабрикасын салу жобасы іске асырылып жатыр. Стратегиялық инвестормен келісімге қол қойылды, инвестиция көлемі шамамен 1 миллиард доллар. Бірақ келісімді ратификациялау рәсімі кейінге қалдырылған.

Үкіметке көтерілген барлық мәселе бойынша жедел түсініп, есеп беруді тапсырамын. Бұл ретте квазимемлекеттік сектор тарапынан жобаларды экономикалық жағдайларды есепке алмай, толық жүктеуге болмайды", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети