Тоқаев жаңа жарлыққа қол қойды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Ақорда Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Ел экономикасына инвестициялар тарту жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы" Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Ел экономикасына инвестициялар тарту жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы" Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 21) тармақшасына сәйкес отандық және шетелдік инвесторлар іске асыратын инвестициялық жобаларды тиімді және пәрменді түрде қолдау жөніндегі қызметті үйлестіру мен бақылау деңгейін арттыру есебінен оларды іске асыру арқылы экономикалық өсудің жоғары қарқынын және ұлттық экономиканы нақты әртараптандыруды қамтамасыз ету мақсатында қаулы етемін:

1. Инвестицияларды тарту жөніндегі кеңестің (Инвестициялық штабтың) мынадай:

  • орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің орындауы үшін міндетті шешімдер қабылдау;
  • Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын заң күші бар уақытша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
  • Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне Инвестициялық штабтың шешімдерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшыларын тәртіптік жауаптылыққа тарту, оның ішінде атқаратын лауазымынан босату жөнінде ұсыныстар енгізу өкілеттіктері айқындалсын.

2. Мыналардың:

  • Инвестициялық штаб төрағасы мен мүшелерінің Қазақстан Республикасының Президентіне тоқсанына кемінде бір рет жүргізілген жұмыс туралы есеп ұсына отырып, инвестициялық ахуалды жақсарту, сондай-ақ инвестициялық жобаларды уақтылы іске асыру үшін;
  • орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері басшыларының Инвестициялық штаб шешімдерін орындамау немесе тиісінше орындамау үшін дербес жауапкершілігі белгіленсін.
  • Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын шараларды шұғыл тәртіппен қабылдасын.
  • Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
  • Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517.1  course up  588.21  course up  6.23  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro