29 мамыр 2020 | 15:06

Тоқаев жаңа күн электр станциясын аралап көрді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: akorda.kz Сурет: akorda.kz

Бүгін Мемлекет басшысы Ақмола облысы, Целиноград ауданына жұмыс сапарымен барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Мемлекет басшысы Ақмола облысы, Целиноград ауданына жұмыс сапарымен барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

Президент сапары "Hevel Kazakhstan" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты күн электр станциясының жұмысымен танысудан басталды. Аталған нысан биыл пайдалануға берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа аймақтағы "жасыл энергетиканы" дамыту перспективасы жайында баяндалды. Қуаттылығы 100 МВт болатын электр станцияның құрылысына 30 миллиард теңгеге жуық инвестиция салынған. Станция жылына 148 миллион киловат сағат электр қуатын өндіреді. Құрылыс жобасын салу барысында компанияның өз әзірлемесі, атап айтқанда, гетероқұрылымды екі жақты күн модулі секілді инновациялық технология пайдаланылған.

Мемлекет басшысы Қазақстандағы жаңартылған қуат көзін пайдаланудың маңыздылығын атап өтіп, электр станциясының қызметкерлеріне табыс тіледі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети