11 қаңтар 2022 13:12

Тоқаев жаңа саяси реформалар жасалатынын айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа саяси реформалар туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа саяси реформалар туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жалпы, мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынасты өзгерту қажет. Бізге қоғамдық келісімнің жаңа форматы қажет. Қазақстан саяси модернизация курсын жалғастырады. Бұл менің принципті ұстанымым. Саяси салада көп нәрсе жасалды. Мен саяси реформалардың төрт пакетін ұсындым, оның аясында 10-нан аса заң қабылданды.

"Митингілер туралы" жаңа заңнама күшіне енді, партиялар құрудағы тіркеу кедергісі және олардың Парламентке өту шегі төмендетілді, Мәжіліс пен мәслихаттардағы әйелдер мен жастардың өкілдігі кеңейтілді. Парламенттік оппозиция институты енгізілді, бюллетеньдерде "бәріне қарсы" деген баған пайда болды, ел тарихында алғаш рет ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтті, адам құқықтарын қорғау саласында елеулі өзгерістер болды", - деді Тоқаев Мәжіліс отырысында.

Президенттің айтуынша, ел Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің Екінші факультативтік хаттамасына қосылды.

"Қазақстанның Адам құқықтары саласындағы құқық қорғау саласын кешенді жаңғыртуға бағытталған шаралар туралы жарлықтарға қол қойылды. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институты жүйелі түрде нығайтыла бастады, өлім жазасы толық жойылды.

Қыркүйектегі кезекті жолдауымда азаматтық қоғаммен және сарапшылармен кең әрі сындарлы диалог негізінде дайындалатын саяси реформалардың жаңа пакетін ұсынамын", - деді Мемлекет басшысы.

Президент мемлекет негізгі функцияларын толық және сапалы орындауды қамтамасыз етуге, заңдылық пен құқық тәртібінің сақталуына, меншік пен қауіпсіздік құқықтарының, азаматтардың құқықтарының қорғалуына кепілдік беруі, әлеуметтік жеңілдіктер мен мемлекеттік қызметтердің сапасы қамтамасыз етілуі тиіс екенін айтты.

Өз кезегінде, кәсіпорындар мен азаматтар заңдар мен қоғамдық мінез-құлық нормаларының сақталуына, салықтардың әділ төленуі мен еңбек қатынастарының ашықтығына жауапты болуы керек.

"Осыған байланысты дәйекті қайта құрулар бағдарламасын тұжырымдау қажет. Үкіметке жауапты сарапшылар қауымдастығымен және азаматтық қоғаммен бірлесіп, тиісті ұсыныстар пакетін дайындауды тапсырамын. Ол Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі отырысының бірінде қаралады", - деп түйіндеді Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети