04 ақпан 2021 12:34

Тоқаев жаңадан құрылған агенттік басшысының орынбасарларын тағайындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасарларын тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасарларын тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

Қаржы мониторингі агенттігі басшысының бірінші орынбасары Ермек Оспанов болды.

2020 жылғы ақпаннан бастап Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Ермек Оспанов / kfm.gov.kz

Сонымен қатар, Жеңіс Елемесов пен Ұлан Раисов ведомство төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды.

Жеңіс Елемесов бұған дейін Ақтөбе облысының Экономикалық тергеу департаментін басқарған.

Женис Елемесов

Айта кетейік, 26 қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа ведомство құру қажеттігін айтты. 28 қаңтарда жаңадан құрылған Қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы болып Жанат Элиманов тағайындалды.

28 қаңтарда Президент қаржы мониторингі агенттігін құру туралы Жарлыққа қол қойды. Қаржы министрлігі ведомствоға Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы, сондай-ақ экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеуге қатысты функцияларды өткізіп берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети