Тоқаев жаңадан тағайындалған әкімдерге: Сіздерге сенім артамыз

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев жаңадан тағайындалған әкімдерге: Сіздерге сенім артамыз Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған әкімдерді халық сенімін ақтауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған әкімдерді халық сенімін ақтауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сондай-ақ ауылдағы әлеуметтік салада өзгерістер болады. Ауылдың денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту үшін арнайы жоба қолға алынады. Шамамен 700 жаңа медицина нысаны салынады. Көп салалы 32 аудандық ауруханада жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Осының бәріне 200 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінеді", - деді Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Президенттің айтуынша, жалпы, аймақтарда инфрақұрылымға қатысты мәселелер аз емес.

"Тұрғын үй тапшылығы, жылу, энергия және су желілерінің ескіргені, жолдардың тозып тұрғаны баршаға мәлім. Бүгінгі басқосуға облыс әкімдері қатысып отыр. Жаңадан тағайындалған басшылар да бар. Сіздерге сенім артамыз. Әр аймақты тұрмыс сапасы жоғары "қуатты өңірге" айналдыру үшін зор мүмкіндік беріліп отыр. Табанды жұмыс істеу қажет", - деді Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети