Тоқаев Жансая Әбдімәлікті жеңісімен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Жансая Әбдімәлікті жеңісімен құттықтады Фото: fide.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жансая Әбдімәлікті Гибралтардағы Халықаралық Шахмат федерациясының (FIDE) Гран-при жүлдесін жеңіп алуымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жансая Әбдімәлікті Гибралтардағы Халықаралық Шахмат федерациясының (FIDE) Гран-при жүлдесін жеңіп алуымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Берік Уәли Facebook-парақшасында жазды.

"Мемлекет басшысы Жансая Әбдімәлікті ФИДЕ Гран-приіндегі тамаша жеңісімен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жеңістің баршамыз үшін зор мақтаныш екенін айтты.

Жансая – ерлер арасындағы гроссмейстер атағына қол жеткізген тұңғыш қазақстандық шахматшы қыз. Оның жетістігі елімізде осы спорттың дамуына тың серпін берері сөзсіз", - делінген жазбада.

Айта кетейік, қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік Гибралтарда өткен Гран-при турнирінің төртінші кезеңінің жеңімпазы атанды. 1 маусымда қазақстандық спортшы 10-турда ресейлік Екатерина Лагномен тең түсті. Жансая Әбдімәлік сегіз ұпай жинап, қорытынды турдың алдында украиналық Мария Музычуктан 1,5 ұпай алда болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети