Тоқаев, Жапаров және Шарль Мишель Астанадағы концертті тамашалады

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев, Жапаров және Шарль Мишель Астанадағы концертті тамашалады

Бейсенбі күні Астанада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров және Еуропалық Кеңес президенті Шарль Мишель Қырғызстанның Қазақстандағы мәдени күндерінің ресми ашылу салтанатына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президенттер Қырғызстанның Ұлттық тарихи мұражайының коллекциясы қойылған "Ықылым мұрасы" көрмесімен танысты.

Содан соң қырғызстандық өнер шеберлерінің концертін тамашалады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен және Еуропалық Кеңес президенті Шарль Мишельмен бірге Қырғызстанның Қазақстандағы мәдениет күндерінің ресми ашылу шарасына қатысты.

Концерт бағдарламасы аясында "Манас" эпосынан үзінді оқылып, халық ақыны Тоқтоғұл Сатылғановтың санаттары (дидактикалық өлеңдері) орындалды. Сондай-ақ халық жазушысы Шыңғыс Айтматовтың шығармаларынан үзінділер қойылды.

Сонымен қатар қазақ және қырғыз халықтарының бауырластығын дәріптеу мақсатында қырғыз өнерпаздары Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Жамбыл Жабаев, Мұхтар Әуезов сияқты тұлғаларымыздың бейнесін сомдап, екі халыққа кең тараған ән-күйлерді орындады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети