Тоқаев Жарлыққа қол қойып, 20 судьяны отставкаға жіберді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Жарлыққа қол қойып, 20 судьяны отставкаға жіберді Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

20 қазақстандық судья қызметінен кетті. Тиісті жарлыққа Қазақстан Президенті қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

20 қазақстандық судья қызметінен кетті. Тиісті жарлыққа Қазақстан Президенті қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

6 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы соттарының төрағаларын, сот алқасының төрағасын және судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы" Жарлыққа қол қойды.

Ресми құжатқа сәйкес, 35 судья қызметінен босатылған:

  • 20 - отставкаға кетуіне байланысты;
  • 5 - басқа қызметке сайлануына байланысты;
  • 5 - өз өтініші бойынша;
  • 2 - басқа жұмысқа ауысуына байланысты;
  • 1 - судья лауазымын атқару үшін шекті жастың жетуіне байланысты;
  • 1 - зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты;
  • 1 - судьяны тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін қызметінен босату қажеттігі туралы сот жюриінің шешімі бойынша;
  • Аудандық соттың 1-төрағасы – өз өтініші бойынша.

Қызметтен босатылған және тағайындалған судьялардың толық тізімі Жоғарғы Сот сайтында жарияланған.

Ресми құжатта республиканың барлық облыстарында, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 80 судьяны тағайындау туралы да айтылады. Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети