Тоқаев жасөспірімдерге энергетиктер сатуға тыйым салу мәселесін қарастыруды тапсырды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев жасөспірімдерге энергетиктер сатуға тыйым салу мәселесін қарастыруды тапсырды Фото:elements.envato.com

Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке жасөспірімдерге энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салуды қарастыруды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке жасөспірімдерге энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салуды қарастыруды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Атырау облысының тұрғындарымен кездесуде айтты.

"Қоғамда жасөспірімдерге энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салу керектігі кеңінен талқыланып жатыр. Үкімет бұл мәселені зерттеп, нақты шешім қабылдауы керек", - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, ол бүкіл қоғам есірткіге қарсы ымырасыз күресу керектігін баса айтты.

"Бұл өскелең ұрпақтың және бүкіл халықтың денсаулығы үшін өте маңызды. Біз жастардың бойында зиянды әдеттерге жол бермеуіміз керек. Қазір көптеген жасөспірімдер мен мектеп оқушылары кез келген жерден оңай сатып алуға болатын электронды темекіні пайдалана бастады. Бұл өте қауіпті жағдай. Біздің елде 21 жасқа толмаған адамдарға алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салынған. Алайда бұл жағдай іс жүзінде байқалмайды", - деді Мемлекет басшысы.

Президент уәкілетті органдарға бақылауды күшейту керектігін атап өтті.

"Ел бесіктен басталады" деп Мұхтар Әуезов айтқандай, жас ұрпақтың денсаулығы мен тәрбиесін бүгіннен бастап ойламасақ, ертең кеш болуы мүмкін", - деп қорытындылады Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети