БАҚ қызметкерлерін марапаттау рәсімінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы барлық деңгейдегі қарқынды жұмыс туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақрдаға сілтеме жасап.
БАҚ қызметкерлерін марапаттау рәсімінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы барлық деңгейдегі қарқынды жұмыс туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақрдаға сілтеме жасап.
"Біз әр салада заң үстемдігін қамтамасыз ету үшін нақты шаралар қабылдап жатырмыз. Қазақстан – құқықтық мемлекет. Ал кез келген құқықтық мемлекетте азаматтар мен институттардың барлығы заңдарды, ережелер мен нормаларды мүлтіксіз сақтауға тиіс. Қоғамдағы қарама-қайшылықтар мен келіспеушіліктер ұлттық заңнамаға және негізгі халықаралық нормаларға сәйкес шешілуі керек.
Бұл – мен үшін мызғымас ұстаным. Сонда ғана біз берекелі және әділетті қоғам құрамыз. Сондықтан Заң мен тәртіп қағидатын баршаға және әрбір адамға бірдей мүмкіндік беретін Әділетті Қазақстанды құру үшін берік іргетас деп қараған жөн. Біз, ең алдымен, жемқорлықты түбірімен жоюымыз керек. Мен осы мәселеге айрықша мән беремін. Біз қоғамда бұл кеселдің бар екенін жасырмаймыз.
Ашық айтамыз деп, оның зардабын да тартып жатамыз. Тіпті, кейде шетелдіктер де, өз азаматтарымыз да Қазақстанды жемқорлыққа белшесінен батқан ел деп ойлайды. Бұл шындыққа еш жанаспайды. Ел мүддесі үшін еңбек етіп жүрген адал азаматтар аз емес. Қайталап айтамын: жемқорлық – кесел. Біз тұтас қоғам болып оған қарсы тұруымыз керек. Сонда ғана нәтиже болады", - деді Мемлекет басшысы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!