12 маусым 2019 11:56

Тоқаев жемқорлықпен қалай күресетінін айтты

Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Мухтар Холдарбеков © Мухтар Холдарбеков

Мемлекет басшысы Президентті ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде елді дамытудағы бағдарларды айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекет басшысы Президентті ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде елді дамытудағы бағдарларды айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, бірінші бағыт: халықтың табысын арттыру.

"Тұрақты және қарқынды экономикалық өсім арқылы ғана бұл мәселені шешуге болады. Ең алдымен өсім бізге не үшін қажет? Терең түсінуіміз қажет. Азаматтарымыз өз елінде алаңсыз өмір сүріп, еңбек етіп, ұрпағын тәрбиелеп, халқымыздың жетістіктеріне бірге қуанып, мақтан тұту үшін экономикалық өсім болуы тиіс. Таяу арада үкіметтің кеңейтілген отырысында біз еліміздің әлеуметтік экономикалық дамуына арналған нақты міндеттерді айқындаймыз", - дейді ол.

Екінші бағыт, Тоқаевтың айтуынша, сыбайлас жемқорлықты жою. "Бірінші қыркүйекке дейін жемқорлықтың мөлшерін деңгейін мейлінше төмендетуге бағытталған реформалар топтамасы дайындалады. Жемқорлық мемлекеттің дамуын тежейтін кесел.  Бұл қоғамдағы өзара сенімге, жалпы мемлекетіміздің қауіпсіздігіне қатер төндіретін құбылыс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі жұмыс жүргіземіз", - деді ол.

Сондай-ақ, үшінші бағыт деп президент - сот және құқық қоғау жүйесін реформалауды атады.

"Сот заң үстемдігінің кепілі. Сондықтан судьялар жоғарғы кәсіби  және адамгершілік талаптарына сай болуы бұл үлкен міндет. Судьлар мен осы қызметке үміткерлерді бағалау және іріктеу жүйесін қатаңдату керек. Сот әділдіктің соңғы шегі болуы тиіс. Құқық қорғау жүйесінің басты міндеті халықтың сеніміне ие болу", - деді ол.

Еске салайық, 9 маусымда Қазақстанда Президент сайлауы өткен болатын. Сайлау қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев 70,76 пайыз дауыспен жеңіске жетті. Бұл 6 миллион 504 мың 54 дауыс. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети