19 тамыз 2020 14:47

Тоқаев жемқорлықпен күрестің 5 бағытын атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлықпен күрестің 5 бағытын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлықпен күрестің 5 бағытын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Тоқаев жемқорлықпен күресте ешқандай көзбояушылыққа, "бармақ басты, көз қысты" әрекеттерге жол берілмеуі тиіс екенін ескертті.

Сыбайлас жемқорлық жағдайларының саны әлі де азаймай тұр.

Өткен жылмен салыстырғанда жемқорлық әрекеттері үшін жауапқа тартылған адамдардың саны 11 пайызға артқан.

"Халықаралық сарапшылардың айтуы бойынша мемлекеттер пандемияның салдарымен күреске мол қаражат жұмсап жатқан кезде қаржыны мақсатқа сай пайдаланбау және жымқыру қаупі арта түседі. Бөлініп жатқан қаражат мұқият әрі тиімді жұмсалуға тиіс. Бұл – әр теңге өзінің мақсатына сай жұмсалуы керек деген сөз. Әсіресе, қазіргі жағдайда еш пайдасы жоқ және қажетсіз іс-шараларға қаражаттың шығындалуына  қоғамның қалай қарайтынын көріп отырмыз. Сондықтан, мұндай мәселелерге  болары болып, бояуы сіңгеннен кейін емес, алдын ала мән беру – өте маңызды", - деді Тоқаев.

Бес бағыт:

Бірінші. Сыбайлас жемқорлық жөнінде жүйелі түрде ескертіп отыруға  ерекше мән берген жөн.

Осыған орай, түрлі саладағы жемқорлыққа жол ашатын жағдайларға сапалы талдау жасау керек.

Заң барлық мемлекеттік органдарға түйткілді тұстарды өз бетінше анықтап, жоюға міндеттейді.

Алайда, бұл жұмыс жүріп жатқан жоқ.

Мұндай әрекетсіздік жақсылыққа апармайды.

Дер кезінде алдын алу және ескерту жұмысы жүргізілмесе, жемқорлық деген кесел көптеген адамның жарқын келешегіне  балта шабуы әбден мүмкін.

Екінші. Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықпен күрес.

Күнделікті өмірде жемқорлық жағдайларына тап болған жұрт шарасыз күйге түседі,  әділдіктің бар екеніне сенбейді.

Пандемиямен жалпы ұлттық деңгейде жаппай күрес жүріп жатқанда пайда табу үшін адам қаншалықты арсыз болуы керек?

Мысалы, Алматыдағы Жетісу ауданы әкімдігінің қызметкерлері азаматтарды блок бекеттен өткізу үшін үнемі пара алып отырған.

Мұндай деректер бірнеше өңірде байқалды. Тіпті, барлық жерде осылай болған шығар деп ойлаймын.

Азаматтарымыз тұрмыстық сыбайлас жемқорлықпен бетпе-бет келіп отырған кезде сіз бен біздің істеп жатқан жұмысымыздың еш тиімділігі болмайды. Ешқандай халықаралық рейтингтің де керегі болмай қалатыны түсінікті.

Түрлі тарту-таралғы беру, сыйлық талап ету, диплом сатып алу – келмеске кетуі керек.

Бұл үшін қоғамда жемқорлықтан жаппай жиренуге қол жеткізуіміз қажет.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Үкіметпен бірлесіп, Тұрмыстық жемқорлықпен күрес жөніндегі жол картасын әзірлеуі керек.

Үшінші. Мемлекеттік қызметтерді жедел цифрландыру.

Деректер базасын одан әрі интеграциялау мәселесіне ерекше назар аудару қажет.

Бізде бір ведомствоның шағымына жауап ретінде басқа мемлекеттік органнан анықтама алуға тура келетін тәжірибе әлі күнге дейін жойылған жоқ.

"Сергек" мемлекетке бұзушылықтарды тіркеу бөлігінде озық технологиялар қандай пайда әкелетінін көрсетті.

Төртінші. Бизнесті қорғау.

Экономикалық проблемалар аясында кәсіпкерлікті қолдау ерекше өзекті болып отыр.

Бес жыл ішінде заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру туралы қылмыстық істер бойынша – 11, рейдерлік істер бойынша-7 адам сотталды.

Осы сандардан бизнесті қорғаудың құқық қорғау тетіктері тоқтап тұрғанын көруге болады.

Өткен жылғы Жолдауымда мен заңды бизнеске кедергі жасау аса ауыр мемлекеттік қылмыс болып табылатынын айттым. Бұл туралы барлық құқық қорғау органдары, соның ішінде Бас прокуратура да есте сақтауы тиіс.

Үкіметке Бас прокуратурамен бірлесіп, бір ай мерзімде барлық қозғалған мәселелер бойынша нақты ұсыныстарды бекітуге енгізу тапсырылады.

Бесінші. Қоғамдық бақылауды күшейту.

Мемлекеттік органдар қаншалықты тырысса да, олар қоғамның қолдауынсыз табысқа жете алмайды.

Азаматтарда парасаттылық идеологиясы қалыптасуы тиіс.

Қазір бұл бағытта үлкен жұмыстар жүргізілуде.

Академиялық адалдық лигасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы волонтерлік клубтар, адалдық дүңгіршектері және өзіне – өзі қызмет көрсету кассалары-мұндай жобалар туралы ақпарат кеңінен жариялануы тиіс.

Сонымен бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың барлық майданында қоғамдық бақылауды күшейту керек.

Азаматтық қоғам мемлекеттік органдарға көмектесуге дайын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети