13 наурыз 2024 16:46

Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасын қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Ақорда Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президентке сот төрелігінің сапасын жақсарту үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндалды.

Асламбек Мерғалиевтің айтуынша, аналитикалық блок айтарлықтай күшейтіліп, Жоғарғы Соттың жалпы нормативтік қаулыларының үшінші бөлігіне түзетулер енгізілді. Бұдан бөлек, тергеу кезінде азаматтардың құқықтарын қорғау деңгейі жақсара түсті. Қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беруден бас тартатын жағдайлардың және алқабилердің қатысуымен сотта қаралатын істердің саны мен бітімгершілік келісіммен аяқталған азаматтық даулардың үлесі артты.

Мемлекет басшысына сот реформасының барысы туралы мәлімет берілді. Мысалы, депутаттық корпуспен бірлесе отырып, Президенттің тапсырмаларын жүзеге асыруға бағытталған заңнамалық түзетулер жөнінде бастама көтерілді. Атап айтқанда, заңды өрескел бұзғаны үшін тәртіптік іс қозғау институтын қайта қарау, сот төрелігінің сапасын тексеретін комиссия жұмысын жетілдіру, дербес кассациялық саты құру ұсынылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев заң үстемдігін қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау ісінде сот жүйесі ерекше рөл атқаратынын атап өтті.

Мемлекет басшысы сот жүйесін одан әрі реформалау жұмыстарын жалғастыру маңызды деп санайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети