Тоқаев Жоғары сот кеңесінің төрағасын қабылдады

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Ақорда Ақорда

Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шиппті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шиппті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Президентке Жоғары сот кеңесінің былтырғы атқарған жұмыстарының қорытындылары, соның ішінде судьялардың іріктелуін жетілдіру шаралары, соттардың кадрлық резервін қалыптастыру барысы және судьяларға қатысты тәртіптік тәжірибенің жағдайы туралы мәлімет берілді. Денис Шипптің айтуынша, Кеңестің қызметі заманауи HR тәсілдерін кеңінен қолдануға және заңгерлер қоғамдастығы өкілдерін белсенді түрде тартуға мән бере отырып, ашықтық пен шынайылық қағидаттары бойынша жұмыс істеуге негізделген", - делінген хабарламада.

Жоғары сот кеңесінің төрағасы судьяларды іріктеу кезінде олардың кәсіби және жеке қасиеттеріне шынайы баға беріліп, қоғамдық пікір жан-жақты зерттелетінін айтты.

"Былтыр алғаш рет сот жүйесінің қатарын толтырған судьялардың саны, жұмыстан кеткендерден басым болғаны байқалды. Осылайша, сот корпусына бірінші рет 103 адам тағайындалып, 90 судьяның өкілеттігі тоқтатылды", - делінген хабарламада. 

Қасым-Жомарт Тоқаевқа сот кадрларын барынша жаңартуды және сот жүйесіне тәжірибелі мамандарды тартуды қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстардың перспективті бағыттары баяндалды. Судьяларды іріктеу мәселелері бойынша заңға енгізілген қосымшаларды іске асыру аясында биыл салалық мамандар үшін облыстық соттардағы судья лауазымына арнайы конкурс өткізу жоспарланып отыр.

Кеңес жұмысының ашықтығын одан ары арттыру мақсатымен заңгерлер қоғамдастығы өкілдерінің қатысуын кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro