Тоқаев Жолдауында қаңтар оқиғасына қатысты тергеу қорытындылары туралы айтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Жолдауында қаңтар оқиғасына қатысты тергеу қорытындылары туралы айтады Фото: akorda.kz

Тоқаев Жолдауында қаңтар оқиғасына қатысты тергеу қорытындылары туралы айтады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Жолдауында қаңтар оқиғасына қатысты тергеу қорытындылары туралы айтады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысы қаңтар оқиғасы бойынша алдын ала тергеу жұмыстарының қорытындыларын наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында жариялайтынын жоспарлап отыр. Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan телеарнасына берген кешегі сұхбатында айтқанындай, халықтан ештеңені жасырып қалмайды. Барлық ақпарат жария етіледі. Қазір тиісті органдар ауқымды тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұған біраз уақыт керек", - деп жазды Берік Уәли Facebook желісінде.

Президент сұхбат барысында айтқандай, қоғамдағы ең маңызды мәселе - заң үстемдігі, деді ол.

"Дәл осы құқықтық принцип негізінде қаңтар оқиғасы барысында ұсталған азаматтардың жауапкершілік мәселесі шешіледі. Олардың басым көпшілігінің жазасы жеңілдетілгені мәлім. Жүздеген адам тергеу изоляторынан босатылды. Қамаудағы азаматтардың құқықтарын қорғау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттеріне байланысты да тексеру жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар ауыр қылмыс (кісі өлтіру, тонау, қарақшылық және т.б.) жасағандар заңға сәйкес жазаға тартылады", - дейді ол.

Оның айтуынша, Президент наурыздың ортасында жасайтын Жолдауында саяси реформалар бойынша өз бағдарламасын ұсынады.

"Сондай-ақ Мемлекет басшысының кешегі сұхбаты көрермен қауымның зор қызығушылығын туғызғанын атап өткім келеді. Бұл еліміздің ақпарат кеңістігіндегі маңызды тақырыпқа айналып үлгерді деп айтуға болады. Оған әлемнің жетекші агенттіктері белсенді түрде сілтеме жасап жатыр. Қасым-Жомарт Кемелұлы қатты суық тигізіп алғанына қарамастан, берген уәдесінде тұрды. Президент отандастарымыздың аталған мәселеге ерекше алаңдап отырғанын ескеріп, ұлттық телеарнаның тілшісіне беретін сұхбатын кейінге шегермеді", - деді ол.

Президенттің жаңа сұхбаты: Тоқаев айтқан негізгі 10 мәселе

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети