Фото Берік Уәлидің Facebook-парақшасынан
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Атырау облысына барды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Атырау облысына барды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысы облыстың мұнай сервистік кәсіпорындарының біріне барып, Қазақстанның мұнай-газ саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңейтілген кеңес өткізеді", - деп жазды Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында.
Оның мәлімдеуінше, сапар бағдарламасына Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан мұнайының 120 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысуы жоспарланған.