21 маусым 2024 | 13:01

Тоқаев журналист Садықовқа жасалған қастандыққа қатысты тергеуді жіті бақылап отыр - баспасөз хатшысы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: facebook.com/UA.KyivPolice Фото: facebook.com/UA.KyivPolice

Президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Берік Уәли, журналист Айдос Садықовқа жасалған қастандыққа қатысты тергеу амалдарын Мемлекет басшысы жіті бақылап отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Берік Уәли, журналист Айдос Садықовқа жасалған қастандыққа қатысты тергеу амалдарын Мемлекет басшысы жіті бақылап отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысы Киевте Қазақстан азаматы Айдос Садықовқа жасалған қастандыққа қатысты тергеу амалдарын жіті бақылап отыр.

Президенттің тапсырмасына сәйкес Қазақстанның құқық қорғау органдары қылмыстық істің мән-жайын анықтау үшін шұғыл шаралар жүргізіп жатыр. Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарына күдіктілердің қазіргі мекенжайын анықтап, тиісті шаралар қабылдауды тапсырды", - деп жазды Берік Уәли.

Оның айтуынша, Қазақстан тарапы Украинаның құқық қорғау құрылымдарымен, оның ішінде Интерпол жүйесі бойынша бірлесе жұмыс істеуге дайын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.87   523.31   4.94 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети