Тоқаев журналистерді марапаттады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Ақорда сайтынан Фото: Ақорда сайтынан

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық ақпарат құралдары саласында сыйлықтар беру, гранттар тапсыру және алғыс жариялау туралы бұйрыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық ақпарат құралдары саласында сыйлықтар беру, гранттар тапсыру және алғыс жариялау туралы бұйрыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтар берілді:

  • Захарчук Вера Николаевна - "Хабар 24" телеарнасының жаңалықтар бөлімінің жүргізушісі, отандық тележурналистиканың дамуына қосқан үлесі үшін;
  • Исабаева Сауле Борисовна - желілік басылымның шолушысы "Qmonitor.kz" интернет-кеңістікте ақпараттық қамтуды дамытуға қосқан үлесі үшін;
  • Қазақстанның өңірлік саясатын ақпараттық қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін "Қазақ" және "Шалқар" радиосы Алматы студиясының басшысы Бақыт Жағыпарұлы Құтпанбаевқа;
  • Ойшибаева Жаннат Бақтығұлқызы - "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ БАҚ-пен жұмыс жөніндегі департаментінің бас менеджері, Қазақстан дамуының өзекті мәселелерін қамтитын ақпараттық-талдау қызметі үшін.

Президенттің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы гранттары берілді:

  • Байғараев Нұрмұхамед Усманұлы - "AIQYN" республикалық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы, бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін;
  • Қазақстандық телевизияны дамытуға қосқан үлесі үшін КТК телеарнасы ақпараттық бағдарламалар дирекциясы Орталық редакциясының редакторы - Нұрақын Диас Ермекұлы;
  • Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін белсенді жан-жақты түсіндіргені және жария еткені үшін QAZAQSTAN ұлттық телеарнасының "Ашық алаң" қоғамдық-саяси ток-шоуының жүргізушісі Мақсат Мәлікұлы Толықбаевқа;
  • Хасанов Серікбол Тілепбергенұлы - Қазақстан журналистикасы мен ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін "Мұнай" газетінің бас редакторы.

Президент алғысы берілді:

  • "Ақиқат" ұлттық қоғамдық-саяси журналының шығармашылық ұжымына еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін;
  • "Вечерний Алматы" газетінің шығармашылық ұжымына қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардың дамуын ақпараттық қамтамасыз етуге қосқан ерекше үлесі үшін;
  • Ұлттық радионы дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін "Қазақ радиолары" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шығармашылық ұжымына;
  • "Сарыарқа" телеарнасының шығармашылық ұжымына өңірлік журналистиканың дамуына қосқан үлесі үшін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517.1  course up  588.21  course up  6.23  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro