Тоқаев журналистерге қарсы заңсыз әрекеттерді әшкерелеуді тапсырды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев журналистерге қарсы заңсыз әрекеттерді әшкерелеуді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер министрі Марат Ахметжановты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер министрі Марат Ахметжановты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президентке былтырғы қаңтардағы криминоген ахуал туралы ақпарат берілді. Министрдің мәліметіне сәйкес, кешенді алдын алу шараларын жүзеге асыру нәтижесінде кісі өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, тонау, ұрлық, бұзақылық, мал ұрлығы, сондай-ақ, көшеде жасалған қылмыстар саны айтарлықтай азайған.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа көші-қон жағдайы, ұйымдасқан және есірткі қылмыстарына қарсы шаралар, құқықбұзушылықтар мен жол-көлік оқиғаларының алдын алу жұмыстарының нәтижелері жөнінде баяндалды.

Марат Ахметжанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған Президент бекіткен тұжырымдамасы аясында полиция қызметкерлерінің адалдығын тексеру (Integrity check) жөніндегі пилоттық жобаның алғашқы нәтижелері туралы есеп берді.

Министр шетелдік автокөліктерді заңдастыру жұмыстарының барысы жайында да айтты. Сондай-ақ, қоғаммен бірлесе отырып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленіп жатқаны туралы баяндады. Мемлекет басшысы азаматтық қоғам өкілдері мен журналистерге қарсы бағытталған заңға қайшы әрекеттерді және арандатушылықты әшкерелеу жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

Сонымен қатар, Президент еліміздегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети