Тоқаев: Жұрт неге барлық бизнес біреулерге ғана бұйыра беретінін түсінбей дал

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев: Жұрт неге барлық бизнес біреулерге ғана бұйыра беретінін түсінбей дал Фото:akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бизнестің бір қолға шоғырлануы мемлекет үшін қауіпті үрдіс екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бизнестің бір қолға шоғырлануы мемлекет үшін қауіпті үрдіс екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент реформалар жөніндегі жоғары экономикалық кеңес отырыстарының бірінде Қазақстанда олигополия бар екенін айтқанын еске алды.

"Мен дәл осы тезисті Парламентте 11 қаңтарда қайталадым. Мұнда қатысқандардың бәрі олигополияның классикалық анықтамасын біледі деп үміттенемін. Бизнестің бір қолға шоғырлануы, кәсіпкерлікке қабілетті басқа адамдардың айналысу мүмкіндігі болмауы барлық мемлекет үшін қауіпті үрдіс саналады.

Біздің жағдайда бұл ерекше күшпен көрінді. Олигополия - бизнесті әртараптандыруға тұрақты ұмтылыс, бірақ бұл ел экономикасын әртараптандыру үшін емес. Яғни, сол адам немесе сол компания өндіреді, өңдейді және банктермен жұмыс істейді және басқа да көптеген бизнестерді жүзеге асырады, ал қалғандары тигенін алады", - деді Тоқаев.

Президент бизнесті монополиялау дұрыс емес екенін айтты.

"Адамдар бизнестің барлық түрі неге бір адамдар қолында деп ойлайды. "Біздің қай жеріміз кем" деген сұрақ қояды. Гегельді Бабельмен шатастыратын, арнайы білімі жоқ адамдар бар, бірақ олардың қолында үлкен бизнес бар. Сонымен қатар, арнайы курстарды бітірген білімді адамдар бизнес көздеріне, несие ресурстарына және т.б. қол жеткізе алмайды. Бизнес дами береді, бұл депрессияны, қоғамға сенбеуді, осыдан туындайтын барлық әлеуметтік-экономикалық салдармен әділдікке сенбеуді тудырады", - деп қосты Мемлекет басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети