Тоқаев Қабдеш Жұмаділовтің отбасына көңіл айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Қабдеш Жұмаділовтің отбасына көңіл айтты Фото: "Алаш айнасы"

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, белгілі қоғам қайраткері Қабдеш Жұмаділовтің дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтып, жеделхат жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Қабдеш Жұмаділовтың қаламынан шыққан туындылар дәуірдің жүгін, замана келбетін, қоғамның үнін айқын көрсете білген еді. Соның ішінде қилы кезеңді бастан кешкен халықтың тағдырын арқау еткен романдары мемлекет және қалың көпшілік тарапынан жоғары бағасын алды. Қарымды қаламгер еліміздің рухани саласын дамытуға мол еңбек сіңірді. Өнегелі ғұмыр кешіп, соңына өшпес із, сарқылмас мұра қалдырған Қабдеш Жұмаділовтың есімі мен жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады", - делінген жеделхатта.

Бұған дейін Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов дүниеден озғаны хабарланған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети