06 тамыз 2019 | 12:08

Тоқаев Каирдегі жарылысқа байланысты көңіл айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев Мысыр Араб Республикасының президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисиге көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
 
Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Мысыр астанасы Каир қаласында болған лаңкестік әрекеттердің салдарынан қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тез сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Иконка комментария блок соц сети

"Қазақстан Мысырмен бірлесіп, елдеріміздің бейбіт өмірін қамтамасыз ету мақсатында қазіргі заман қауіп-қатерлеріне қарсы күресте ынтымақтастықты жалғастыруға әрқашан дайын екенін атап өтемін", - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Еске салайық, мұның алдында Каирде жарылыс болып, 17 адамның қаза тапқаны хабарланған болатын. Оқиға қала орталығының Маньяль аймағында жағалау маңындағы тасжолда болған. Мысыр Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, жарылыстың себебі - жол-көлік оқиғасы. Көлік жоғары жылдамдықпен келе жатып қарсы жолаққа түсіп, басқа көліктермен соқтығысқан. Содан кейін жарылыс болған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети