Тоқаев қаңтар оқиғасына қатыстылар туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев қаңтар оқиғасына қатыстылар туралы айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Президент Қазақстан халқына Жолдауында айтты. 

"Өкінішке қарай, бүлікшілердің қарақшылардың, лаңкестердің кесірінен қаншама азаматымыз қаза болды. Қара жамылған отбасылардың қайғысына ортақтасып, тағы да көңіл айтамын. Біз мұндай жағдай енді қайталанбауы үшін бәрін жасаймыз. Қазақта "өткен күннен алыс жоқ, келер күннен жақын жоқ" деген сөз бар. Біздің парызымыз - қанды қылмыс жасалғанын ұмытпай, барлық содыр мен лаңкесті жазаға тарту. Халқымыз осы оқиғадан сабақ ала білуі керек. Елдің тыныштығын бұзып, қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін әрекетке ешқашан жол бермеуге тиіспіз", - деді Президент. 

Сонымен қатар, Тоқаев төңкеріс жасауға ұмтылғандардың арасында белгілі адамдар болғанын айтты. 

"Жоғары лауазым иелері мемлекетке сатқындық жасады. Олар күштік құрылымдардың заңға сәйкес қимылдауына кедергі келтірді. Мемлекет басшылығына қалалардағы ахуал туралы жалған ақпарат берді. Сатқындардың опасыздығы құқық қорғау органдарының беделіне нұқсан келтірмеуге тиіс. Онда қызмет ететін азаматтар да өз бауырларымыз. Олар елмен бірге екенін, туған халқы үшін қасық қаны қалғанша күресетінін дәлелдеді", - дейді Президент. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети