Тоқаев Қарағанды облысында қаза болған шахтерлердің отбасына көмектесуді тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Қарағанды облысында қаза болған шахтерлердің отбасына көмектесуді тапсырды Фото: Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы Қарағанды облысында қаза болған шахтерлердің отбасыларына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қарағанды облысында қаза болған шахтерлердің отбасыларына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы "Абай" шахтасында метан газының жарылуы салдарынан қаза тапқан шахтерлердің жақындары мен туыстарына көңіл айтты. Сондай-ақ зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Мемлекет басшысы Үкіметке шахтерлердің отбасыларына көмек көрсету жөнінде тапсырма берді. Болған оқиғаның анық-қанығын анықтау мақсатында үкіметтік комиссия құрылды.

Министр Юрий Ильин бастаған Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері апат болған жерде тиісті жұмыстарды жүргізуге кірісті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети