21 қаңтар 2022 | 14:24

Тоқаев кәсіпкерлер құқығын бұзуға қатысты қатаң шара қабылдауды тапсырды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Турар Казангапов Фото Tengrinews.kz/Турар Казангапов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде кәсіпкерлер құқығын бұзу деректері әлі барын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде кәсіпкерлер құқығын бұзу деректері әлі барын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әкімшілік кедергілерді азайту. Бұл бағытта жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, кәсіпкерлер құқығын бұзу деректері әлі де бар. Былтыр прокуратура органдары кәсіпкерлердің лауазымды тұлғалар іс-әрекеті мен шешімдерімен келіспейтіні туралы 2500-ден аса шағымын қарады. 1000-нан аса шағым қанағаттандырылды.

Кәсіпкерлер полиция қызметкерлеріне, ең алдымен экономикалық тергеу қызметтеріне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке, ұлттық қауіпсіздікке шағымданды. Негізінен, тінтуге, соталды тергеудің негізсіз басталуына, мүлікті пайдалануға шектеу қоюға шағымданды", - деді Тоқаев бизнес өкілдерімен кездесуде.

Президент Бас прокуратураға осындай заң бұзуға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтап, заңбұзушылыққа жол берген кінәлі адамдардың іс-әрекетіне түбегейлі баға беруді тапсырды.

"Құқық қорғау органдарын коммерциялық субъектілер дауын пайдалану жағдайларын болғызбау жөнінде шаралар қолданған жөн. Егер мұндай жағдайлар анықталса, ең қатаң шаралар қабылдау қажет. Мен бірінші Жолдауымда ресми органдар тарапынан заңды кәсіпкерлікке кедергі жасау мемлекетке қарсы қылмыс ретінде бағалануы тиіс екенін айтқанмын", - деді Президент.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети