06 ақпан 2020 | 16:19

Тоқаев кәсіпкерлердің бірінші республикалық форумын өткізу идеясын қолдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік кәсіпкерлік өкілдерімен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік кәсіпкерлік өкілдерімен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Кездесуге "Green TAL" әлеуметтік шеберханасының басшысы, Best for kids қоғамдық қорының вице-президенті Эмин Әскеров, "Дастархан" ЖШС директоры Елена Мащинская, "Қамқор отау" әлеуметтік жобасының директоры, "Тренинг-Кафе" әлеуметтік жобасының үйлестірушісі Бақытжан Құдияров қатысты.

Кәсіпкерлер Президентке еліміздегі әлеуметтік кәсіпкерліктің ахуалы мен  оны әрі қарай дамыту перспективалары жайында айтты. Сонымен қатар олар аталған саладағы өзекті проблемалар жөніндегі ойларымен бөлісіп, оның ішінде қажетті ғимараттар мен өз өнімдерін өткізу орындарының тапшылығы туралы жеткізді.

Жиынға қатысушылар мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауды жоғары бағалап, Қазақстан Президентіне биыл күзде әлеуметтік кәсіпкерлердің бірінші республикалық форумын өткізу жөніндегі жоспары туралы баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлердің қоғамға пайдалы жобаларды жүзеге асырып жатқаны үшін ризашылық білдіріп, олардың форум өткізу жайындағы идеясын қолдады. Президенттің айтуынша, мемлекет бүкіл республика аумағындағы әлеуметтік бизнеске жан-жақты қолдау көрсете береді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети