Тоқаев Қатар әмірімен кездесті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото пресс-службы Акорды Фото пресс-службы Акорды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Доха форумына шақырғаны үшін шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге алғыс айтып, бұл жиын әлемдегі өзекті проблемалар бойынша ашық пікір алмасуға мүмкіндік беретін бірегей диалог алаңы екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар әмірінің стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілген екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалады.

Әңгімелесу барысында банк, телекоммуникация, энергетика, ауыл шаруашылығы және медицина салаларындағы инвестициялық жобаларға қатысты келісімдерді уақытылы әрі сапалы жүзеге асыру мәселесіне ерекше мән берілді.

Қазақстан Президенті Қатар бизнесімен бірлескен жобалар екі елдің дамуына септігін тигізетініне сенімді екенін айтты.

Қатар әмірі Астана мен Доха арасындағы ынтымақтастық ұзақмерзімді стратегиялық сипат алғанын жеткізді.

Сондай-ақ, екіжақты сапар барысында қабылданған шешімдерді іске асыру бойынша үкіметтер жүйелі жұмыс атқарып жатқанына тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни жоғары деңгейдегі белсенді саяси диалог қазақ-қатар қатынастарын нығайтуға алдағы уақытта да ықпал ететініне назар аударды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517.1  course down  588.21  course down  6.23  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro