Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізді Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиында еліміздің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері талқыланды.

Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы бірқатар жауапты мемлекеттік орган басшыларының баяндамасын тыңдады.

Қауіпсіздік Кеңесі Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері мен басқа да әскерлерін, әскери құралымдарын қару-жарақпен қайта жарақтау және қорғаныс өнеркәсібі кешенінің 2030 жылға дейінгі даму тұжырымдамасының жобасын қарастырды.

Қорғаныс өнеркәсібі, мемлекеттік қорғаныс саласындағы тапсырыс, қару-жарақ пен әскери техника айналымы, қорғаныс нысандары инфрақұрылымын дамыту салаларындағы жекелеген мәселелер жөнінде жүйелі шаралар әзірленді.

Жиын қорытындысы бойынша Президент мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін одан әрі дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети