Тоқаев қазақ тілін қолдау қорына жеке қаражатынан 7 миллион теңге аударды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев қазақ тілін қолдау қорына жеке қаражатынан 7 миллион теңге аударды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілін қолдауға арналған QAZAQ TILI Endowment Qory эндаумент-қорына алғашқы болып жеке жарна аударды. Бұл туралы халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының президенті Рауан Кенжехан мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұйым басшысының айтуынша, Президенттің жеке қаражаты есебінен қосқан жарнасы - 7 миллион теңге.

"Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа ана тілімізге деген адал азаматтық ұстанымы, көрсеткен зор құрметі, жеке үлгісі үшін алғыс білдіреміз!", - деп жазды ол.

"Қазақ тілі" қоғамының президенті 12 қазанда Президенттің қабылдауында мемлекеттік тілді дамытуға арналған эндаумент қорын құруды ұсынғанын айтты.

Бұл қордың басты міндеті – мемлекеттік тілді қолдау және дамытумен айналысатын еліміздегі ең ірі ұйым – "Қазақ тілі" қоғамының тұрақты әрі ұзақмерзімді дамуын қамтамасыз ету.

Эндаумент қорының ерекшелігі – қорға жиналған қаржы жұмсалмайды. Қордағы қаражат басқаруға беріледі және инвестицияға құйылады. Инвестициялық қызметінен түскен табыс "Қазақ тілі" қоғамының жарғылық міндеттеріне жұмсалады.

QAZAQ TILI Endowment қорын беделді қоғам қайраткерлері, ғалым-лингвистер мен мемлекет өкілдерінен құралған тәуелсіз қамқоршылар кеңесі бақылайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети