Тоқаев "Қазақстан халқына" қорына ақша аударуға "асықпайтын" кәсіпкерлерге ескерту жасады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев "Қазақстан халқына" қорына ақша аударуға "асықпайтын" кәсіпкерлерге ескерту жасады Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан халқына" қорына қайырымдылық жасамаған олигополия өкілдеріне үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан халқына" қорына қайырымдылық жасамаған олигополия өкілдеріне үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Nur Otan партиясының съезінде сөйлеген сөзінде "Қазақстан халқына" қорына қаржы аударған кәсіпкерлерге алғысын білдіріп, олар қайырымдылық көмекке мұқтаж қазақстандықтарға азаматтық жауапкершілік танытқанын атап өтті.

"Сонымен қатар, кейбір танымал бизнес өкілдері Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған қайырымдылық акциясына қатысуға асықпайды. Бұл сараңдық па, нигилизм бе әлде немқұрайдылық па? Қалай болғанда да, бұл сұраққа толық жауап алу үшін мемлекеттің толық өкілеттігі бар", - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев ірі бизнес өкілдерінің қайырымдылық жасау процесін реттейтін арнайы жарлық шығаруды жоспарлап отырғанын айтты.

Еске салайық, 11 қаңтарда Мәжілісте сөйлеген сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан халқына" қоғамдық әлеуметтік қорын құруды тапсырған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети