Тоқаев Қазақстан жер қойнауындағы литийдің ірі қоры туралы айтты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Қазақстан жер қойнауындағы литийдің ірі қоры туралы айтты Фото:elements.envato.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу өңірінің жұртшылығымен кездесуі барысында Қазақстанның жер қойнауында литийдің мол қоры барын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу өңірінің жұртшылығымен кездесуі барысында Қазақстанның жер қойнауында литийдің мол қоры барын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біздің жер қойнауымызда әртүрлі бағалаулар бойынша 50-ден 100 мың тоннаға дейін литий бар. Бұл - үлкен қор. Барлау мен игеруге елеулі инвестициялар қажет. Геологиялық қызмет осы бағыттағы жұмысты жандандыруы керек", - деді Мемлекет басшысы.

Тоқаев өңірдің өнеркәсіп секторының өсу қарқыны жақсы екенін айтты. Жыл басынан бері 23 нысан пайдалануға берілген. Президент Kazsilicon жоғары сапалы кремний өндіретін бірнеше жыл бойы жұмыс істемей тұрған зауытты жаңғырту мен іске қосуды және "Электромарганец" темірін тікелей қалпына келтіру зауытының құрылысын ерекше атап өтті.

"Екі кәсіпорын да еліміз үшін маңызды. Олар металлургия саласындағы озық технологияларды дамыту және тарату алаңына айналуы тиіс. Бұдан басқа, облыста 2026 жылға дейін 7 мыңнан аса жұмыс орнын құрумен 162 жобаны қамтитын инвестициялық портфель қалыптастырылды", - деді Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети