Тоқаев Қазақстан мен Кипрдің экстрадициялау туралы келісімін мақұлдады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Қазақстан мен Кипрдің экстрадициялау туралы келісімін мақұлдады Фото:elements.envato.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кипрмен қылмыскерлерді экстрадициялау туралы келісім жобасын мақұлдады. Құжат Нормативтік құқықтық актілердің АҚЖ сайтында жарияланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кипрмен қылмыскерлерді экстрадициялау туралы келісім жобасын мақұлдады. Құжат Нормативтік құқықтық актілердің АҚЖ сайтында жарияланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасындағы ұстап беру туралы шарттың жобасы мақұлдансын", - делінген Президент қаулысында.

Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді – 20 шілде.

"Әрбір Уағдаласушы мемлекет екінші Уағдаласушы мемлекеттің сұрау салуы бойынша ұстап беруге әкеп соғатын қылмыстар үшін қылмыстық қудалауды жүзеге асыру немесе заңды күшіне енген сот үкімін орындау мақсатында сұрау салушы уағдаласушы мемлекеттің құзыретті органдары іздестіріп жатқан оның аумағындағы кез келген адамды осы шарттың және өзінің заңнамасының талаптарына сәйкес ұстап беруге міндеттенеді", - делінген келісім бабында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети