Тоқаев Қазақстан мен Microsoft ынтымақтастығын талқылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Қазақстан мен Microsoft ынтымақтастығын талқылады Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Microsoft компаниясының Орталық Еуропа мен Орталық Азиядағы президенті Мишель Симмонсты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Microsoft компаниясының Орталық Еуропа мен Орталық Азиядағы президенті Мишель Симмонсты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесуде Қазақстан мен Microsoft компаниясының IT-индустрияны дамыту және стартаптар үшін толық экожүйе құру бағытындағы ынтымақтастығының перспективасы талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Microsoft компаниясының Қазақстандағы кеңсесі қайта құрылымдалып, Орталық Азия, Әзербайжан, Армения, Грузия, Моңғолия және Пәкістан елдерін қамтитын мультиөңірлік хабқа айналғаны жөнінде мәлімет берілді.

Мемлекет басшысы елімізде жасанды интеллект саласына қатысты заңнама әзірленіп жатқанын айтты. Басты мақсат –инновацияны дамыту және экономикалық өрлеу үшін ЖИ әлеуетін пайдалану. Келесі жылы Жасанды интеллект ұлттық орталығын ашу жоспарланып отыр. Аталған кешен Қазақстандағы цифрлық трансформацияға қажетті негізгі инфрақұрылымға айналмақ.

Мишель Симмонс Microsoft компаниясы цифрлық даму мақсатында Қазақстан тарапымен нәтижелі ықпалдастықты одан әрі жалғастыруға бейіл екенін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети